Бүгін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында Талас ауданы прокуратурасының » аудан аумағында орналасқан мектептер, колледждерде мобильдік топтарды құру және жетекшілері мен мүшелерін бекіту туралы» өкіміне сәйкес құрылған мобильдік топтың жұмысы қаралды.
Баяндама барысында мектеп директорлары есеп беріп, оларға сұрақтар қойылды.
Білім бөліміне қарасты аудандық ауылдық округтердегі мектеп директорларының есептері назарға алынып, айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, хаттамаға енгізілді.
Сонымен қатар аудандық полиция бөліміне, аудандық орталық ауруханаға және білім бөліміне тиісті тапсырмалар берілді.
Комиссия шешімінің орындалуы бақылауда болып, жұмыс тобының күн тәртібіне ұсынылған мәселелері толық қаралды.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов