Жұлдызды отбасы жақында немерелі болып, отбасы мүшесі бір жанға толыққан еді.
“Ойпырмай, қанша адамды бұғаттап тастадым. Не болды сонша көре алмай көмекші алғанымды? Жылайын ба, күлейін бе? Жұрттың қатыны мен келіні дым жасамай жатқанына сонша ашулы әйелдер. Әйелдің жауы – әйел”, – деп жазды блогер.
- «Бұғаттап тастадым»: Абай Бегей қызын «алаяқ» деп айыптаған заңгерге жауап берді
- «Ұялмайтын бет, талмайтын жақ»: Белгілі заңгер Абай Бегейдің отбасын «заңсыз» лотерея ойнатып жүр деп айыптады
Одан кейін жұлдызды келіншек әйелдерді бір-бірін қолдауға үндеп, бастан өткен оқиғасын айтып берді.
“Қыздар, келіншектер бұл әлемде онсызда жаманшылық жетерлік, ең болмаса біз бір-бірімізге қолдау көрсетейікші! Бір-біріміздің аяғымыздан шалмайықшы! Мысалы, кешегі ұтыскерді айтайық. Ол – үйде отырған 4 баланың анасы. Күйеуі күні-түні құрылыста жұмыс істейді. Мешітте отырған жерінен Алла сый етіп, 8 миллион теңге бере салды. Соның өзінде «дұрыс қуанбады» деп тағы сол баяғы әйелдер қауымы жеп барады. Бұйырған нәрсе кетпейді, біреу үшін қуана білудің өзі қуаныш емес пе?! Мұны не үшін айтып отырмын? Бір әйел өзіне көмекке адам жалдаса, тамаша емес пе?! Күйеуі сондай мүмкіндік берсе, бәрекелді емес пе?! Сол әйел үшін қуанайықшы! «Бізге де күйеуіміз көмекші алып берер», – деп жазды ол.
Еске салайық, Абай Бегейдің қызы екінші анасына қатысты шындықты айтқанын жазған едік.
https://stan.kz/komekshi-alganimdi-kore-almay-zhatir-abay-begeydin-ayel-404019/