Колумбияда мотоцикл жүргізушілері наразылыққа шықты

Колумбияда жүздеген мотоцикл жүргізушілері жанармай мен жолды сақтандыру бағасының қымбаттауына наразылық білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Акция Боготадағы Вирджилио Барко кітапханасының алдында өтті. Мотоциклшілер қаладағы ең маңызды көшелердің бірінде көлік қозғалысын жауып тастады.

Наразылық акциясы көлік кептелісін тудырғанына қарамастан, полиция шерушілерді таратпады. Колумбияның көлік министрі Гильермо Рейес наразы топтың алдына шығып, олардың талаптарын тыңдады.

Comments (0)
Add Comment