Қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ретінде бекітілген. Бұл күн ұлттық мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыптар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған маңызды күндердің бірі.

Аталған күні ұлтымыздың салт-дәстүрлері, қолөнер туындылары мен ұлттық ойындары кеңінен насихатталады. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде жазасын өтеушілер жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.

Мұнда ағаштан жасалған қолөнер туындыларынан өзге музыка аспаптары, сандықша, кәдесый сынды дүниелер жасалып қойылған. Сотталғандар жасаған қолөнер өнімдері өзінің сан алуандығымен, көріктілігімен көз тартады. Аталған шаралар жазасын өтеушілердің арасында еңбекті насихаттауға мол мүмкіндік береді.

Comments (0)
Add Comment