КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін, яғни тамыз айының алғашқы жексенбісі – Көлік қызметкерлерінің төл мерекесі.
Алысты жақын етіп, аманатқа сызат түсірмей еңбек етіп жүрген көлік қызметкерлерін мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Мезгілдің ыстығы мен суығына, уақыттың күні мен түніне қарамай, еселі еңбектің көркін қыздырып жүрген аталмыш сала қызметкерлерінің ел экономикасын еселеуге қосар үлесі зор. Бұл сала темірдей тәртіпті, жоғары жауапкершілікті талап ететін күрделі сала. Осындағы жүктелген міндетті мінсіз, тапсырманы тиянақты орындап жүрген көлік қызметкерлері қандай мақтауға болса да лайықты деп білеміз.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып, көлік қатынасын өрге сүйрейтін көлік қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, істеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

 

Бақытжан Жәнібеков

Comments (0)
Add Comment