Ауданымызда қызметпен қатар, спортты жанына серік етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер бар. Олар түрлі сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.
Жуырда Тараз қаласында мемлекеттік қызметшілерден арасында волейболдан облыстық турнир өткен болатын. Аталмыш сайыста ауданымыздың намысын қорғаған мемлекеттік қызметкерлер жүлделі үшінші орынды иеленді.
Абыройымызды асырып, беделімізді көтерген спортшыларымыздың жеңісі құтты болсын!