«Қол көтеруге дейін барамын»: Актер Әбілмансұр Серіков қызба мінезді екенін ашық айтты

©instagram.com/serikovmansur

“Өте эмоцияналды адаммын. Тез, қатты ашуланамын, бірақ басыла қоямын. Тұрып-тұрып болмайтын нәрсеге ашуланып кетемін. Бұл біздің қанда бар. Әкемнің Әбуғасыр деген туған інісі бар. Сол кісі ғана басқаларына қарағанда сабырлы, байсалды, көп нәрсені ақылға салып шешеді. Басқалары қызба мінезді, тоқтата алмайсың. Бірақ тез қайтады. Кейде қол көтеруге дейін барамын. Адам артық сөз айтып қойып, мені провакацияға шақырса қолым кетіп қалады, мойындаймын. Тілім ащы, сөзім сүйектен өтіп кетеді. Қатты айтамын, бірақ кейін сол үшін өкінемін. Ашуым басылған соң Алладан, өкпелеткен адамнан барып кешірім сұраймын”, – дейді Әбілмансұр Серіков.https://stan.kz/kol-koteruge-deyin-baramin-akter-abilmansyr-serikov-kiz-388591/

Comments (0)
Add Comment