Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын жыл сайынғы көктемгі егіс дала жұмыстары Жамбыл өңірінде биыл да қарқын алды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемін 770,4 мың гектарға орналастыру жоспарланып отыр екен.
Оның ішінде: дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 398,3 мың га, майлы дақылдар 72,1 мың га, қант қызылшасы 10,4 мың га, картоп 11,8 мың га, көкөністер мен бақша дақылдары 61,6 мың га және мал азығы дақылдары 216,2 мың га. (оның ішінде жаздық дақылдар 453,3 мың га)
Бүгінде жоспарлы жыртылуы тиіс 104,0 мың гектардың 98,2 мың гектары жыртылды (94,4%), 339,7 мың гектар алқапта өңдеу жұмыстары жүргізілді (75,0%).
13 сәуірге 186,9 мың гектар алқапқа жаздық масақты дақылдар (86,4%), 27,6 мың гектарға көп жылдық шөп (89,8%), 20,6 мың гектарға көкөніс (46,1%), 12,2 мың гектарға майлы дақылдар (16,9%), 1,5 мың гектарға қант қызылшасы (14,7%), 2,5 мың гектарға бақша (14,8%), 2,3 мыңгектарға картоп (20,5%), 9,7 мың гектарға бір жылдық шөп (34,8%), және 727 гектарға дәндік жүгері себілді (3,9%). Барлығы жаздық дақылдар 264 мың гектар алқапқа егіліп, 58,2 пайызға орындалып отыр. Көктемгі дала жұмыстары қалыпты жағдайда жүруде.
Сонымен қатар, 2023 жылы 54,0 мың тонна тыңайтқышты 280,0 мың га алқапқа енгізужоспарлануда. Оған «Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы аясында бюджеттен 1 млрд. 71 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні 5 266 тонна тыңайтқыш 13,1 мың гектар алқапқа енгізілді.
Жоғарыда биылғы жылы қант қызылшасы дақылының егістік алқабы 10,4 мың гектарға жеткізілетін атап өттік. Осыған сәйкес алдын-ала есеп бойынша 2023 жылы қант зауытына өңдеуге тапсырылатын 323,0 мың тонна қант қызылшасын субсидиялау көзделіп отыр. Оған бюджеттен 8 млрд. 75 млн. теңге қарастырылған.
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,8 мың тонна тұқым көлемінің, бүгінгі таңда 82,6 мың тоннасы қолда бар, яғни 91 %.
Оның ішінде:
с/элита – 60 тн ;
элита – 1589 тн;
I репродукция – 13284 тн;
II репродукция – 36408 тн;
III репродукция – 19810 тн;
Будандар 10359 тн.
2023 жылдың өніміне егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын «Тұқымдық және отырғызу материалының сорттық және себу сапасын айқындау» 045 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 85 млн.теңге қарастырылған болатын. Есептік кезең бойынша «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Жамбыл филиалына облыстағы шаруалар тарапынан жалпыкөлемі 17 246 тн тұқым өткізіліп, сараптама қорытындысы алынып, себілді.
А.ж. тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыты бойынша жергілікті бюджеттен 857 млн.теңге бөлінді. Қаражат толық жеткілікті.
Өздеріңіз білесіздер, қазір көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оған 6 893 дана ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылған. Оның 4 529 данасы трактор, 1 071 данасы соқа, 457 данасы қопсытқыштар, 746 данасы дән сепкіштер, 90 данасы тұқым дәрілегіш.
Жалпы жоғары өнімге қол жеткізу үшін, агротехникалық іс-шараларды дер кезінде орындау қажет, яғни ауыл шаруашылығы техникаларын дер кезінде жаңартып отыру керек, биылғы жылы ауыл шаруашылығы техникаларын 12,0 пайызға жаңарту көзделеген,2023 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 213 (жаңару көрсеткіші — 1,7%) дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде, 1 астық жинайтын комбайн, 90 трактор және 122 дана басқа да техника мен трактор тіркемелері сатып алынды
2023 жылға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 15,5 мың тонна дизель отыны бөлінді (ақпан 8,3 мың тн., наурыз 4,0 мың тн., сәуір 3,2 мың тн.).
Бөлінген дизель отынын агроқұрлымдарға тарату үшін, облыс бойынша 14 оператор белгіленді, 1 л дизель отыны 204-214 теңге аралығында шаруаларға таратылуда.
Бүгінгі күнге белгіленген операторлар тарапынан ақпан, наурыз және сәуір айларына бөлінген көлемнің 15,5 мың тоннасына қаражат төленді. Бүгінгі таңда, оның 11,7 мың тоннасы облысымызға жеткізіліп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 10,6 тоннасы таратылды.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында облысқа 2023 жылға «Кең дала» бағдарламасына 1,0 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күнге облыс бойынша 77 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 1,0 млрд. теңгеге өтінім түсіп, 55 шаруашылыққа 656,2 млн. теңге төленді.