19 сәуірде қалалық полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынының кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері марқұмның тұрғылықты жеріне барған кезде 45 жастағы ер адамның денесін тапты. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталды. Тергеу-жедел іс-шаралар барысында жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салды деген күдік бойынша жәбірленушінің азаматтық некедегі әйелі ұсталды.
Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыптылардың пәтерде жалғыз қалғаны және олардың арасында жанжал туындағаны анықталды. Жанжал кезінде күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққан. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмған.
Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі — «Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленіп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың жеке басын сипаттайтын материалдар жиналады.