Қоғамдық кеңес пен облыстық штабтың бірлескен отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың төрағалығымен облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында түсіндіру жөніндегі штабының бірлескен отырысы өтті.
Жиында наркология қызметінің жұмысы, нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстар туралы Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің бас дәрігері Жексембиев және Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы бағытта атқарған жұмыстары туралы Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Алметов Асхат баяндама жасады.
Сонымен қатар 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағытында атқарған жұмыстары туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Бокаева айтып берді.
Ал, Жамбыл ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша халық арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Найманова Үміткен мен Т.Рысқұлов ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша халық арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов түйіндеді.

 

Comments (0)
Add Comment