Қоғамдық қабылдау өтті

Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға жауапты бөлім басшылары қатысып, келген азаматтарға кеңес беріп, сұрақтарын тіркеді.
Аудан тұрғындары тұрғын үй, жұмыс, Қамқалы ауылдық округінен жұмыс, балаларын «Мектепке жол акциясына» іліктіру, т.б мәселелер бойынша өтініш жасады.
Өтініш білдірген азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында кеңес берілді.
Аудан әкімінің қабылдауына алдын ала 6-32-81 телефоны бойынша жазылуға болады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments (0)
Add Comment