Қоғам дертімен күресуіміз қажет

Жемқорлықтың зардабын жеке адаммен бірге қоғам да тартып келеді.Тәуелсіз елімізде жемқорлықтың алдын алу мен күресу — басты міндет болып табылады. Елбасының ерен еңбегінің арқасында елiмiзде сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жүйелi жұмыстар жүргiзiлуде.
Мемлекет басшысының  «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында «Бiз елдегi сыбайлас жемқорлық деңгейiн төмендету бағытында елеулi қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбiне сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептерi мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын жүйелеу қажет» деп атап көрсеттi. Яғни, ендi бұл iндеттiң  тамырымен жою үшiн оның шығу себептерiне тосқауыл қоюдың маңызы зор.
ҚР “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңында «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз — мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып, мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу” деген анықтама береді. Ендеше, сыбайлас жемқорлықтың барлық сала үшін анықтамасы — біреу. Тек оның жасалу механизмдері, көрініс табуы, сипаты әр түрлі болуы мүмкін.
Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу — жалпыға ортақ міндет. Олай болса, қолда бар заңдарымызды толық қолданып, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жоюға атсалысайық.

Болат САҒЫНБЕКОВ, 
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Comments (0)
Add Comment