«Қимастық бар»: Дастан Оразбеков «Орда» тобы тарайтынын мәлімдеді

Өнер иелерінің сахнада жүргеніне биыл – 25 жыл.

«Белгісіз жан» әні арқылы танылған «Орда» тобы таралып, сахнамен қоштаспақ. Бұл туралы топ мүшелері Revue News бағдарламасында берген сұхбатында айтты.

Өнер иелерінің сахнада жүргеніне биыл – 25 жыл.

«Осы жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр. Бұл «Орданың» 25 жылдық қоштасу концерті болады. Меніңше, тарайтын кез келді. Әрқайсымыздың жұмысымыз бар дегендей. Көңілде қимастық бар, әрине», – деді Дастан Оразбеков.

Әншінің сөзінше, «Орда» тобы тарағанымен, топ мүшелері түбегейлі өнерден кетпейтінін атап өтті.

«Ешқайсымыз өнерден түбегейлі кетпейміз. Әркім өзі жолымен жүреді. Мысалы, Нұрлан Бішкекте «Елес» тобымен өнер көрсетеді. Оның үстіне қолөнері бар. Ерболат продюсерлік жұмысын жалғастырады, үлкен мега жобалары да бар. Есболат сценарист, кино саласына бет бұрып жатыр», – деді әнші.

сурет:instagram

https://turkystan.kz/article/251294-kimastyk-bar-dastan-orazbekov-orda-toby-taraitynyn-m-limdedi

Comments (0)
Add Comment