Кім қашып жүр? WBC чемпионы Жәнібектің «өтірігін әшкере етті»

Енді Адамес керісінше мәлімдеме жасап отыр.

«Оны боксшы дей алмайсың. Ол шөжек. Өзі не, промоутері не, екеу де қорқақ. Басқа не деуге болатынын білмеймін. Мен оларға келісімшарт жібергенімді екеуі де білетін, соның арқасында ол меніңмен жұдырықаса алатын еді.

Біз оған ол келісімшартты жібердік, бар болғаны қол қою ғана қалған еді. Ол: «Маған келісімшарт жібер» деп айтатыны бар ғой, біз келісімшартты жіберіп, өзі соған қол қоймай тұра солай дейді ғой. Ол шөжек өзі қол қоймайды да, тек тауық сияқты қытқылдай береді.

Ол менімен айқасқысы келмейді. Ол менен қорқады. Жекпе-жекке шықса, оған спаррингтегіден де жаман болатынын біледі. Сондықтан қытқылдай береді», — дейді Адамес Broadway Joel-ге берген сұхбатында.

Еске салайық, Адамес 22 ақпанда британиялық Хамза Ширазбен (20-0-1) айқасып, тең түскен болатын. Ослай ол WBC титулын қорғап қалды.

https://kaz.vesti.kz/boxing/km-kashyip-jur-wbc-chempionyi-janbektn-otrgn-ashkere-ett-30108/?fbclid=IwY2xjawI5GLZleHRuA2FlbQIxMQABHdRI05753e1IVcK2R7CPj5OubHOzTs_nhRLvVyXMAfc33o4hI8Bnmoq6Fg_aem_SWo_T_kTv6eJfcMkvpjLnw

Comments (0)
Add Comment