Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдығы мемлекет Басшысымен нақты белгіленген. Мәселен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті өз қызметінде азаматтардың өтініштеріне ашықтықты, қолжетімділікті және жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен, ең алдымен халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге және азаматтардың бізбен жүргізіп жатқан жұмыстан қанағаттануына бағытталған жаңа тәсілдерді әзірледі.
Еліміздің әр өңірінің сыбайлас жемқорлыққатәуекел карталары әзірленді. Аталған картаға жер қатынастары, құрылысжәне тұрғын үй, экономика және қаржы, олигополия, жолдар мен инфрақұрылым, бизнес салалары енгізілген.
Мысалы,тұрғын үй саласындағы мониторинг жүргізу нәтижесінде, кезекте тұрған 37 715 азаматтын ішіннен,5 807заңсыз тұрған азаматтар кезектен алынды(3 415 азаматтың үйі бар, 17 азамат елден тыс жерде тұрады, 257-сі қайтыс болған, 1 955 азамат кезекке тұрғаннан кейін үйленген, 163-і біздің облыста тіркелмеген).Қазіргі уақытта, осы бағытта жұмыс жалғастырылуда.
Жер қатынастары саласында бағасы 238 млн.тенге сомасындағы 3,56 гажер участкілерін заңсыз берген Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот шешімімен жер участкілері мемлекет меншігіне қайтарылып, облыс әкімдігімен қайтарылған жер участкілері мектеп пен көппәтерлі тұрғын үй құрылысына беру туралы келісімге қол жеткізілді.
Аталған фактілерден басқа, мемлекетке ауыл шаруашылығына арналған12 846 га жер участкілері қайтарылды.