Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сайлау науқанына көп қаржы жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол науқанға 42,7 млн еуро жұмсаған. Бұл заң рұқсат еткен мөлшерден екі есе көп. Сот Саркозиді бір жылға бас бостандығынан айырды.
Бұрын Саркози сыбайлас жемқорлық бойынша да айыпталған. Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды, оның екеуі шартты түрде. Саркозиге кассациялық сот қызметкерінен ақпарат алмақшы болды деген айып тағылды.
Саддам Хусейн, Ирак
2006 жылы 5 қарашада Ирак соты экс-президент Саддам Хусейнді 148 адамды өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесті. 2006 жылғы 30 желтоқсанда үкім орындалды.
Бұдан бөлек Саддам Хусейнге көптеген айып тағылды. Оның ішінде діни, саяси қайраткерлерінің жазасы, діни қозғалыстарға қарсы қылмыстар, саяси партияларға қарсы қылмыстар, зайырлы қоғамдық қозғалыстарға қарсы қылмыстар және күрдтер геноциді бар.
Саддам Хусейн Иракты 25 жылға жуық уақыт басқарды.
Пак Кын Хе, Оңтүстік Корея
Фото: Reuters
2018 жылы Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік құпияны жария ету және билігін асыра пайдалану айыптары тағылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге 17,5 миллион доллар айыппұл салынды. Тергеу мәліметтері бойынша, экс-президент жақын досы Чве Сун Силмен бірігіп ірі корпорациялардан, соның ішінде Samsung пен Lotte-ден ақша талап етті. 2016 жылы Пак Кын Хе импичмент жариялап, алты айдан кейін оған айып тағылды.
Эхуд Ольмерт, Израиль
Израиль премьер-министрі Эхуд Олмерт қызметінен кеткеннен 5 жылдан кейін алты жылға сотталды. Оның банктерді жекешелендіруге, арзан бағамен пәтер сатып алуға, премьер-министрдің адвокаттық бюродағы әріптестеріне қаржылай көмегіне қатысты айыптар тағылып, тергелді. Иерусалим мэрі болған кезінде құрылыс компанияларынан пара алғаны үшін айыппұл салынды. Кейін түрмеге қамау мерзімі бір жарым жылға дейін қысқарған.
Сильвио Берлускони, Италия
Италияның төрт дүркін премьер-министрі Сильвио Берлускони мафиямен байланысқаны үшін, 62 миллион еуро салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталды. Кінәсі дәлелденіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін жаза бір жылға үй қамағына ауыстырылды.
Жак Ширак, Франция
Францияның экс-президенті Жак Ширак Париж мэриясында жұмыс істеген кезінде жалған жұмыс орындарын құрды деп айыпталды. Сот екі жылға шартты түрде үкім шығарды.