Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан және Қазақстанның ЖОО ғалымдары, докторанттары қатысады. Кастомону университетінің профессоры Орхан Сөйлемез, Нөкіс мемлекеттік университетінің ғалымдары Ырысты Құттымұратова, Тұрсынай Торткүлбаева, Мұхтарбай Қурбанов, Нарын мемлекеттік университетінің доценті Нұржан Бийгелдиев, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры Қыздархан Рысберген, аталмыш институттың Лексикология бөлімінің меңгерушісі Айгүл Әмірбек, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Гүлмира Мадиева, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Сәуле Иманбердиева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Бекжан Әбдуәлиұлы, Қуат Сапаров, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры Айгүл Әлімхан, Дулати университетінің ғалымдары Күлзинат Қарымбаева, Сәмен Құлбарақ, Меруерт Көпбаева, Гүлнар Алтаева, Феруза Сабирбаева және тағы басқа ғалымдар қатысады.