Мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері және аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ әкімдерінің, бөлім басшыларының қатысуымен өткен сессияда атқарылған жұмыстардан бөлек, алдағы жоспарды және шешімін күткен мәселелерді де атап өтті. Мәселен, ауданымызда үстіміздегі жылы іске асырылатын инвестициялық жобалардың аяқ алысы, егістік жерлер мен ағын су мәселелері, жайылымдық жерлерді, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, тұрғын үй мәселесі, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен баяндады.