КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ

Өткен аптада сегізінші шақырылған Мойынқұм аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов ашып, жүргізіп отырды.
Сессия отырысына аудан әкімі Ермек Карентаев, орынбасары Ержан Әмірханов, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту, жер қатынастары, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімдерінің басшылары Өнер Жүнісбеков, Мәлік Мұқашев, Эльдар Кокушев, Еркін Кеншімов пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Үсенбаев, Мойынқұм ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жоламан Шайыахмет және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде «Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-3 «2024–2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы», «Аудандық тұрғын үй комиссиясын құру туралы» мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер алдын ала өткізілген аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында қаралып, талқыға салынғандықтан сессияда дауысқа салынып, шешім қабылданды.
Айта кетейік, кезектен тыс сессияға 11 депутаттың 8-і қатысып, 3 депутат белгілі себеппен қатыса алмады.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».
Comments (0)
Add Comment