Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сегізінші шақырылған облыстық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясына қатысты.
Сессияның күн тәртібінде Жамбыл облыстық аумақтық комиссиясының мүшелерін сайлау және «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Басқосу барысында халық қалаулылары сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жамбыл облысы әкімдігі