Бүгін мектеп бітіруші түлектердің аттестат алу шарасына байланысты тойханалар мен мейрамханаларда, кафелерде іс-шаралар ұйымдастырмауын қадағалау, олардың қауіпсіздігін қатамасыз ету, тәртіп пен сақтықты күшейту мақсатында кезекшілік пен кешкі рейдтік шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Кешкі рейдке аудандық білім бөлімі, мектеп әкімшілігі, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған арнайы мобильдік топтар шықты.
Мобильдік топ мүшелері ойын-сауық орындарында, кафелер мен барлар, саябақтарда болып, мектеп оқушыларының түнгі уақытта заңсыз жүрмеуін, рұқсатсыз мерекелік шаралар өткізбеуін қадағалап, бақылауда ұстауда.