https://turkystan.kz/article/262071-keiingi-10-zylda-elimizde-qaterli-isikten-bolatyn-olim-zitim-azaigan-zertteu-institutynyn-mamandary
Бүгінде қатерлі ісік ауруларымен науқастанған 236 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда. Жыл сайын онкологиялық науқастардың саны 5-6%-ға өседі, жалпы, сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Бұл туралы ОКҚ алаңында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов хабарлады.
Оның айтуынша, қатерлі ісік ауруының өсуі бұл – әлемдік тенденция, оның бір себебі – халықтың қартаюы, сонымен қатар қазіргі өркениеттің көптеген факторларының әсері, яғни дене қозғалысы белсенділігінің төмендігі, дұрыс тамақтанбау, генетикалық және соматикалық мутацияларды жүзеге асыру.
«Онкологиялық аурулардың өсуі аясында өлім-жітімнің тұрақты төмендегенін айтуға болады. Кейінгі 10 жылда қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 33%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 63 жағдай тіркелді», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.