Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Жиынға кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен атқарылған жұмыстар туралы,
2. Жастар арасында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Ұлбике Салимова және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Жансая Ниязова хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық талқыланды.
Төрағалық етуші Ерлан Дайрабайұлы кеңес жұмысын одан әрі жандандыру бойынша тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.
Сарысу ауданы