КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі. Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделі жоғары болу керек. Ел егемендігінің 32 жылы ішінде үкіметтік емес ұйымдар елімізбен бірге есейіп, бүгінде азаматтық қоғамның белсенді бөлігіне айналды. Билік пен халық ортасын байланыстырып тұратын алтын көпір деуге де болады.
Бүгін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекованың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.
Кеңес отырысына кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралады.
1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жеңімпаз атанған ұйымдардың есебін тыңдау;
2. 2024 жылға арналған кеңес жоспарын бекіту;
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеуге бағытталған әр-түрлі іс-шаралар кешені» және «Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбында жұмыс жасап жатқан «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Қуаныш Қияшов, «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбы бойынша «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің өкілі Шерхан Бейсенбайұлы хабарлама жасады.
Сондай-ақ, кеңес отырысында 2024 жылға арналған кеңес жоспары бекітілді.
Жиын барысында кеңес мүшелері, өзге де үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өз ойларын ортаға салды. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысындағы мүмкіндіктер мен туындайтын мәселелер айтылып, талқыланды. Көтерілген мәселелер назарға алынды.
Кеңес отырысын төрағалық етуші Гүлнұр Алтынбекова қорытындылады.

Сарысу Ішкі Саясат Бөлімі

Comments (0)
Add Comment