КЕЛІСІМ МЕН СЕНІМ — ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Бүгін «Біртұтас қоғам: Келісім және сенім” жобасы аясында аудан әкімдігінде өткен семинар-тренинг мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерде жалғасты.
Атап айтқанда, этносаралық қатынастар саласындағы сенім мәдениетін дамыту, мемлекеттік саясатты ілгерілету, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту мақсатында кеңес беру және семинар-тренинг «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу аудандық Мансап орталығында және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Сарысу аудандық филиалында өтті.
Аталған мекемелерде өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов ашып, жүргізді.
Мекемелердің қызметкерлерімен кездескен спикерлер халыққа қызмет көрсетуге күнделікті ат салысып жүрген мекеме қызметкерлерін азаматтармен қарым-қатынаста барынша байыпты болуға, әрбір өтінішке мұқият қарап, сұраулар барысында туындаған мәселені оң шешуге тырысу керектігін айтты.
Семинар-тренингке қатысушыларды аудандағы барлық ұлттар арасында достық қарым-қатынас орнатып, олардың ауызбіршілікте өмір сүруіне ықпалдасып, өз үлестерін қосуға шақырды.
Кездесулер диалогке құрылып, қатысушылар еркін форматта пікір алмасты.
Comments (0)
Add Comment