Келешекте маңызын жоғалтпайтын мамандықтардың бірі-құрылысшы

Əлемде сан мыңдаған мамандықтар бар. Солардың ішінде құрылысшы мамандығы маңызды мамандықтардың бірі. Қазіргі таңда әлемде неше түрлі зәулім, көздің жауын алатын ғимараттар толассыз салыну үстінде. Ал құрылысшы осы ғимараттарды салу ісімен айналысатын ерекше мамандық иесі.
Бір ғимаратты салу үшін әрине бір ғана құрылысшы мамандығы жеткіліксіз. Инженер-құрылысшы, қасында инженер-жобалаушы, сәулетші, жүк көліктерін жүргізушілер, электриктер, ұсталар және т.б. маман иелерінің үлесі бар.
Сәулетші сызбасымен сызылып шыққан ғимараттардың пайдаланыуымен қатар, оның сұлулығын көруге өзге мемлекеттерден туристерде келіп қызықтайтын қалалар мен мәдени орындар біздің мемлекетте де көп.
Бүгінгі күнге ғана емес, келешекте де маңызын жоғалтпайтын мамандықтардың бірі – осы құрылысшы мамандығы.
Ауданда құрылысшы мамандық иелерінің атқарып келе жатқан еңбектері орасаң зор. Жастарға ақылын беріп, саладағы тәжирбиелерімен бөлісіп отырған ауданның құрылысшы ардагерлері жасай берсін.
Барлығы, қала мен 25 елді-мекендерде халықтың игілігіне жасалып жатқан құрылыс нысандары жыл санап артуды. Қосымша түрлі салалардағы 18 жобаның жобалық-сметалық құжаттары мен сараптамалары әзірленуде. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 13,3 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 2,4 есеге артты. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 7280 м2 құрап, орындалуы 101,0% болды. Құрылыс көлемінің басым көбі инвестициялық жобалардың үлесінде, соның бірі «ЕвроХим МХК» компаниясы мен «Қазақ Сода» ЖШС–нің зауыттарының құрылыстары бой көтеруде.
Қазіргі уақытта Жаңатас қаласының ішінде түрлі демалыс орындары, орталық алаң құрылысы, жеке тұрғын үй құрылыстары бой көтеріп келеді. Құрметті құрылыс саласының ардагерлері мен саладағы еңбек етіп жүрген құрылысшыларды бүгінгі кəсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!!!
Comments (0)
Add Comment