ҚАЖЕТТІ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

«Қызылдихан» өндірістік кооперативінің егіс алқабында егінжай күні аясында семинар кеңес өтті.
Семинарға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, орынбасары Ербол Жиенқұлов, «Август-Қазақстан» ЖШС-нің Ақмола облысының өкілі Нұрғали Қанытаев, «AIem Aqro» ЖШС-нің Жамбыл және Түркістан облыстарының басшысы Нұрболсын Керімбек және ауыл шарушылығы саласына қатысты серіктестіктердің басшылары, мамандары қатысқан шараға шаруалар, ауыл әкімдері, аудандық әкімдіктің тиісті бөлім басшылары қатысты.
Егінжай күніне орай ұйымдастырған шараны аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ашып, жиналғандарды Констиутция күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.
Ел экономикасын өркендетуде ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбегі зор екенін еске салған аудан басшысы биылғы жылдың өнімі үшін егілген егіс көлемінен хабардар етіп, су үнемдеу технологиясын енгізуде қолға алып жатқан жұмыстарды да баяндады.
Егін және мал шаруашылығын дамытуға арналған мұндай шарада қатысушылардың ұтымды ұсыныс-пікірлері назарға алынды

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment