ҚАЖЕТТІ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНА БЕРІЛЕТІН ӨТІНІМ БОЙЫНША ХАБАРЛАНДЫРУ!

Бұған дейін дизель отынына қажеттілік туралы өтінім шаруалар тарапынан электронды түрде берілетіні және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығы 2-қосымшасының 4-тармағына сәйкес ағымдағы егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отыны бойынша өтінімдері 2023 жылдың 20 мамырына дейін қабылданатыны жарияланған болатын.
Алайда Gosagro.kz жүйесінде арзандатылған отынды бөлу функционалы жақында пайда болуына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шешімен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті дизель отынына өтінімдер қабылдау 2023 жылдың 29 мамырына дейін ұзартылды.
Айта кету керек, бүгінгі күні облыс бойынша Gosagro.kz жүйесі арқылы 250-ден аса өтінім түсіп, оның 226-сы қанағаттандырылды.
Өтінім https://gosagro.kz/arm/login сілтемесі арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып беріледі.
Видео нұсқаулық: https://youtu.be/K9v7OQxf1Lg

 

Comments (0)
Add Comment