ҚАЖ саласындағы арулар құрметке бөленді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің бастығы, әділет әділет подполковнигі Бекзат Ортаев нәзік жанды әріптестерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Салтанатты жиында алғашқы боп сөз алған Бекзат Оразалыұлы қоғам тыныштығын күзетуде қаракөз қыздарымыздың еңбегі еселі екенін атап өтті.

– Құрметті арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мерейлі мерекеде бар өздеріңізге лайықты құрмет көрсете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сіздер біз секілді еразаматтармен бірге қиындығы мол салада абыройлы қызмет етіп келесіздер. Тәртіп сақшысы болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал сіздер бұл жұмыста жемісті жұмыс істеп жатырсыздар. Бұл ретте сіздерге алғысымыз шексіз, – деді мекме бастығы.

Бұдан кейін мерекелік шара қыз-келіншектерді марапаттауға ұласты. Осылайша мекемеде қызмет ететін нәзік жандылар мен бұрымдылар құрметке бөленді. Аруларға мекеме бастығының Алғыс хаты мен гүл шоқтары, сондай-ақ естелікке сыйлықтар табыс етілді.

Comments (0)
Add Comment