Қазақ халқы – қашанда сөзге тоқтаған, білім мен тәрбиеге ерекше мән берген халық. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал – соның айқын дәлелі. Жаһандану заманында ұлттық болмысымызды сақтап қалудың бір жолы – руханиятқа бет бұрып, кітапты серік ету. Осы мақсатта Қазақстанда биыл алғаш рет 23 сәуір Ұлттық кітап күні ретінде ресми түрде атап өтті.
Айтулы датадан Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеме де шет қалмады. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері мекеменің кітапханасының қорымен танысып, өздерінің тек қызметке ғана мән бермей, рухани-мәдени дамуға да көңіл бөлетіндерін көрсетті.
Жалпы қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлерін әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тұрақты оқырмандық мәдениетті қалыптастыруды көздеген шара барысында қатысушылар көркем шығармалардан үзінділер оқып, сүйікті кітаптарын бөлісіп, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Қазақстандық авторлар еңбектеріне және әлемдік әдебиет классиктеріне ерекше назар аударылды.