18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Әз-Наурызды тойлауға арналған он күнде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Аталған іске Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің ұжымы да өз үлесін қосты. Мекеме қызметкерлері айшықты күнге орай ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, кестеленген, оюланған бешпет, қамзолдарымен жұмыста жүрді. Осылайша бейресми мереке жүзеге асты. Бұл, әрине, дәстүрге деген құрмет.