2025 жылдың 12 шілдесі күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі
Ж.Ж. Қосжановтың қатысуымен Қостанай академиясына құжат тапсырған үміткерлер және олардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында департамент бастығы құқық қорғау саласының маңыздылығы мен қызметтік жауапкершілігі туралы кеңінен баяндап, Академияға түсу талаптары, оқу барысы және болашақтағы кәсіби мүмкіндіктер жөнінде толыққанды мәлімет берді.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұміткерлерге моральдық қолдау көрсетілді. Кездесу жылы әрі мазмұнды форматта өтіп, барлық қатысушылар үшін маңызды әрі пайдалы ақпарат көзіне айналды.
Бұл іс-шара үміткерлердің кәсіби бағдарын айқындап, құқық қорғау саласына деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.