Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады

istockphoto

https://turkystan.kz/article/271489-qazgidromet-aua-raiyna-bailanysty-manyzdy-eskertu-zasady-12
Бүгін, 22 қарашада Астана қаласында және Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту күшіне енеді, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің көптеген өңірлерінде тұман, көктайғақ, қарлы боран, сондай-ақ желдің 15-20 м/с дейін күшейеді.

Негізгі болжамдар:

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары – түнде және таңертең тұман.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды облыстары – көктайғақ, боран, тұман, екпінді жел.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстары – жаңбыр мен қар, қалың жауын-шашын, боран, көктайғақ, желдің күшеюі.

Жамбыл, Жетісу облыстары – таулы аумақтарда тұман, жел 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары – тұман, көктайғақ.

Астана қаласы – көктайғақ, түнде және таңертең тұман.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды жолда сақ болуға, ауа райы нашарлаған жағдайда ұзақ сапарды кейінге қалдыруға шақырады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271489-qazgidromet-aua-raiyna-bailanysty-manyzdy-eskertu-zasady-12

Comments (0)
Add Comment