«Қазақы ас үйінің бірегей тағамдары» атты фестиваль өтті

Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыруатты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық саябақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыру жобасы аясында, ұлттық тағамдарды насихаттау мақсатында «Қазақы ас үйінің бірегей тағамдары» атты фестиваль өтті. Фестивальға аудандағы «Алатау», » Шапағат», «Несібелі» мейрамханалары қатысып, ас мәзіріндегі ұлттық тағамдармен таныстырды. Шара барысында мейрамхана иелеріне алғыс хаттар беріліп, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Шара соңында мейрамханалар саябақта серуендеп жүрген ауыл тұрғындарына тағамдарын ұсынды.

Comments (0)
Add Comment