Қазақстанның тағы екі облысында көлік қозғалысы шектелді

ашық дереккөзі

https://turkystan.kz/article/272370-qazaqstannyn-tagy-eki-oblysynda-kolik-qozgalysy-sekteldi
Жұма, 5 желтоқсанда сағат 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты екі облыстағы тас жолдарда жүк және қоғамдық автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» жазды.

Ақмола облысында Астана — Қарағанды — Алматы тас жолының 30-92 шақырым аралығы. Учаске: Жібек Жолы бақылау-өткізу бекетінен Қарағанды облысының шекарасына дейін.

Қарағанды облысында Астана — Қарағанды — Алматы тас жолының 92-164 шақырым аралығы. Учаске: Ақмола облысының шекарасынан Теміртау бақылау-өткізу бекетіне дейін.

Жолдардың ашылу уақыты алдын ала 6 желтоқсанда сағат 09:00 деп көрсетілді.

Тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272370-qazaqstannyn-tagy-eki-oblysynda-kolik-qozgalysy-sekteldi

Comments (0)
Add Comment