Қазақстанның бірінші әуе кемесі

Ленинградта Қазақстанның бірінші әуе кемесі істеліп шықты. Кеменің бағасы – 18 мың сом, өзі соғысқа арналып істелген. Сондықтан Қазақ­станнан барған комиссия оны Ленин атындағы әуе кеме отрядына тапсырды.

Egemen Qazaqstan
7–8 миллион халқы, басқалардікіндей байлығы бар Қазақстанның бұл сыйы әлі аз. Республика түгіл, ішкі гүбірнелердің әрқайсысы бір-бір әуе кемеден тапсырып отыр.

Біздің әлде де үкіметімізді қор­ғау үшін де, шаруамыз үшін де әуе кемелерін жасатуымыз керек. Әуе кемесінің шаруашылығымызға ке­ректігі мынау: Қазақстанның елі ыдыранды, теміржол аз, су жолы жоқ, қатынасы қиын. Егерде қолымызда 6-7 әуе кемесі болса, хабарларды күнде біліп, гүбірнелермен күнде қатынасып, асығыс жұмыстарға күнде барып, поч­таларды орындарға жылдам жеткізіп тұрар едік. Мұның үстіне әуе кемесі­нің шығыны аз. Менің айтатыным: аймақтық мекемелердегі азаматтар әуе кемесін көбірек істетудің қамына кірісейік. Гүбірнедегі жолдастар, Кеңес үкіметін бекітемін, қорғаймын, шаруа­шылықты жөндеймін десеңдер, гүбірне сайын әуе кемесін істетуге кірісіңіз!

Келіңдер, күш біріктіріп, әуе кемесін жасатып, елімізді қорғайық, шаруамызды жөндейік!

 

М.Тәтімұлы, «Еңбекші қазақ» газеті,  14.02.1925 жыл

Дайындаған –

Ұшқын Сейдірахманұлы

Comments (0)
Add Comment