https://turkystan.kz/article/261813-qazaqstannan-baxreinge-aue-bagyty-asylady
Қазақстаннан Бахрейнге әуе бағыты ашылады, деп хабарлайды turkystan.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізәп келеді.
Биыл 5 маусымынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы Алматы – Манама (Бахрейн) бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына бір рет орындалады.
Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.