Қазақстандықтардың сеніміне ие болған Changan қытай брендтері арасындағы ең үздік нәтижені көрсетті

Фото: Қазақстанның Автокөлік Одағының дерегіне сай 2026 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жағдай.

Changan 2026 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай автокөлік брендтері арасында бірінші орынға шығып, автонарықтың ТОП-3 көшбасшылары қатарына енді. Бұл туралы «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәлімдеді.

Бір ай ішінде Astana Motors құрамындағы Changan Kazakhstan ресми дистрибьюторы 1 793 автокөлік сатып, брендтің нарықтағы үлесін 10,3%-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш Changan брендіне жалпы сатылым рейтингінде сенімді түрде үшінші орын алуға мүмкіндік берді. Бренд Kia-дан озып, тек Hyundai мен Chevrolet-тен кейін орналасты.

Жыл басынан бері 6 906 Changan автокөлігі сатылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 79,5%-ға өскен. Бұл – Қазақстандағы ірі автобрендтер арасындағы ең жоғары өсім көрсеткіштерінің бірі.

Фото: Astana Motors. CS55 Plus автөкөлігі.

Мамыр айында Changan брендінің бірден екі кроссовері бестселлер атанды. CS55 Plus және CS35 MAX модельдерінің әрқайсысы 637 данадан сатылып, сатылым көлемі бойынша үшінші орынды бөлісіп, брендтің Қазақстан нарығындағы жоғарғы позициясын қамтамасыз етті.

Мамыр айындағы рейтингте бұл екі модель тек Chevrolet Cobalt пен Hyundai Tucson көліктеріне ғана жол берді.

Сатып алушылар бренд автокөліктерін сенімділігі, заманауи дизайны, жабдықталу мен қауіпсіздіктің озық технологиялары үшін жоғары бағалайды. Олардың қатарында 360 градус шолу жүйесі мен жүргізушіге арналған интеллектуалды көмек жүйелерінің кешені бар.

Фото: ЖИ көмегімен жасалған. Changan CS35 MAX автокөлігі.

Бүгінде Қазақстандағы Changan модельдік қатарына кроссоверлер, седан, лифтбек және пикап кіреді. Сатып алушыларға CS35 MAX, CS55 Plus, CS75 Plus, UNI-K, UNI-V және Hunter Plus модельдері ұсынылған.

Ең көп сұранысқа ие модель – CS55 Plus. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған модельдің 5 558 данасы сатылып, Қазақстан нарығындағы қытай автокөліктер арасында көшбасшы атанды.

Фото: Astana Motors. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы Changan автокөліктерінің өндірісі.

Қазақстандағы брендтің қарқынды дамуына кең ауқымды дилерлік желіден бөлек жергілікті өндіріс те ықпал етуде. Қазіргі таңда Changan автокөліктері 2025 жылдың қыркүйегінде іске қосылған Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында өндіріледі.
Ел ішінде өндірістің жолға қойылуы автокөліктердің әлдеқайда қолжетімді етіп, брендтің нарықтағы позициясын одан әрі нығайтты.

Бүгінде Changan автокөліктері Қазақстанның 19 қаласындағы 31 ресми дилерлік орталықта ұсынылған.

Фото: Astana Motors. Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы Changan автокөліктерінің өндірісі.
Comments (0)
Add Comment