Қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы жарты жылда 3 миллиард теңгеге өсті

Бүгінде 9 миллионға жуық қазақстандық азамат банктен тұтынушылық несие алған. Бұл елдің ересек халқының 70%-ына тең. Отандастар мұны бағаның толассыз өсуі мен төмен жалақымен байланысты деп санайды.

“Менің қарызым көп. Өмір сүруге бір тиыным да қалмады. Қанша несием бар екенін ұмытып қалдым, бірақ бар ақшам соған кетеді”.

“Ақша жинау көп уақыт алады. Мен көлікті несиеге алғам. Былай оны алуға жылдар бойы ақша жинау керек, ал несиемен 50 пайыздық алдын ала төлем жасап, көлікті алып алдым».

“Мен тіпті микротолқынды пеш пен тоңазытқышты несиеге алдым”, – деді тұрғындар.

Ұлттық банктің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта қарыз алушылардың саны тағы 220 мың адамға артқан. Экономистердің айтуынша, халықтың қарыз ауыртпалығының артуына негізгі себеп – инфляцияның нақты деңгейіне ілесе алмайтын азаматтардың табысының төмендігі.

“Адамдар көбіне жалақыға дейін күн көру үшін немесе балаларын мектепке дайындау үшін банктен қарыз алады. Сондықтан мұндай күтпеген шығын тұтынушылық несиелерді көбейтеді. Ең төменгі жалақы мен ең төменгі зейнетақыны көтеру керек. Азаматтар өмір сүрудің орнына күнін әрең көріп жүр”, – деді экономист Меруерт Махмұтова.

Сарапшылар тұтынушылық несие көлемінің артуы азаматтардың кедейлік деңгейіне одан әрі кері әсер етеді деп қауіптенеді. Артынша халықтың сатып алу қабілеті төмендейді. Бұл тұрақты ақша ағынын қажет ететін бүкіл экономикаға кері әсер етеді

https://stan.kz/kazakstanda-haliktin-karizi-3-milliard-tengege-osti-404018/

Comments (0)
Add Comment