Желі қолданушылары интернеттегі ақау еліміздің оңтүстігі мен астанада да туындағанын айтқан.
«Шымкент, Tele2-де интернет мүлде істемейді. Үш сағат болды».
«Бір сағаттан бері Алтелде интернет жоқ. Тіпті хабарлама да келмейді», – деп жазды желі қолданушылары.
Сондай-ақ оператордың клиенттері сall-орталықпен де байланыса алмаған.
Ал операторлардың әлеуметтік желідегі боты интернеттің жартылай өшірілгені туралы хабарлама жолдапты. Алайда техникалық ақауға не себеп болғаны әзірге айтылмады.
«Құрметті абонент, қазір интернет жартылай өшірілген. Біздің мамандар жағдайды түзету үшін қолдан келгенді жасайды», – делінген хабарламада.
https://stan.kz/kazakstandiktar-tele2-men-altel-operatorinda-internette-404269/