Қазақстандықтар қатерлі ісіктің қай түріне жиі шалдығады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 210 мыңнан астам қазақстандық қатерлі ісік сырқаттарына шалдыққандар есебінде тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсеновтің тілші сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл 1 шілдедегі ақпаратқа сай, елімізде қатерлі ісік диагнозымен 210 198 науқас динамикалық бақылауда тұр

, — делінген ведомство жауабында.

Сондай-ақ онкологиялық сырқаттың қандай түрімен есепте тұрғандар көп екені мәлім етілді.

Онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі тұр. Олардың үлесі 2021 жылы жалпы ауырғандардың – 15,4 пайызына, 2022 жылы 14,7 пайызына тең болды. Одан кейін өкпенің қатерлі ісігі: 2021 жылы – 11,1%, 2022 жылы – 11,2%. Үшінші колоректалды обыр: 2021 жылы – 10,1%, 2022 жылы – 10,4%, ал асқазан қатерлі ісігі 2021 жылы – 7,9%, 2022 жылы 8,3% болды. Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша ауырғандардың үлесі 2021 жылы – 5,54%, 2022 жылы – 5,51%

, — деп жауап берген Азамат Дүйсенов тілші сауалына орай.

 

 

inform.kz

Comments (0)
Add Comment