72 жастағы қарияның бұл қадамы әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырмай қоймады. Өйткені жасы келсе де ол бұған дейін Қазақстанның барлық жерін жаяу аралап шыққан болатын. Бірақ оның жеткен жетістігі бұл емес екен. Келесі кезекте ол жер шарын жаяу аралап өтпек. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.