Қазақстандық боксшы Нұрслан Сабыров (7-2, 3 КО) өзінің кәсіби мансабында келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орнын білді деп хабарлады turkystan.kz.
Өзбекстандық БАҚ хабарлағандай, 16 маусымда Сабыров Ташкенттегі (Өзбекстан) бокс кешінде өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы –өзбекстандық 28 жастағы боксшы Миразиз Мырзахалилов (2-0, 2 КО) болады деп жазды Sports.kz. Өзбекстандық боксшы әуесқойлар арасында әлем чемпионы (2019), Азия ойындарының жеңімпазы (2018) және Азия чемпионы (2019).
Ал Нұрслан Сабыров 2021 жылдың қазан айынан бастап рингке шықпады. Ол соңғы кездесуінде, Алматыда өткен бокс кешінде тәжікстандық Амиржон Асозодуды техникалық нокаутпен жеңген болатын (0-1). Миразиз Мырзахалилов өткен жылдың тамыз айында Ташкентте қырғызстандық Ислам Торобаевтен басым түскен (0-1).
https://turkystan.kz/article/225040-kazakstandyk-boksshy-wba-atagy-ushin-ozbekstandyk-elem-chempionymen-zhekpe-zhek-otkizedi/