SCAT әуе компаниясының қызметкері аутизммен ауыратын баласы бар отбасын ұшақ бортына жібермей қойған деп хабарлады turkystan.kz.
Отбасының шағымы Instagram-дағы «Мой ребенок» қоғамдық бірлестігінің парақшасында жарияланды. Оқиға 27 мамырда болған.
Азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабын бұзғаны үшін қатысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Рейс бірнеше рет кейінге шегерілген. Бала шаршап тұрған. SCAT әуе компаниясының қызметкері бала басқа адамдардың мазасын алуы мүмкін деп санап, бортқа жібермей қойған. Соңында отбасы мүшелерінің барлығы Түркияға ұша алмай қалған», – делінген жариялымда.
SCAT әуе компаниясының өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, жолаушылардан кешірім сұрағанын жеткізді.
«Біздің жолаушылармыздың осындайға жағдайға тап болғаны өкінішті. Әуе компаниясы кешірім сұрады және демалыс уақытын басқа қолайлы датаға ауыстырды ұсынды. Қызметкерге қатысты қатаң шара қолданылды», – деп хабардар етті әуе компаниясынан.