Қазақстандық 9 боксшы қыз Испаниядағы турнирдің финалына өтті

Турнирдің жартылай финалында Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі:

Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) — Клара Кортес Фернандес (Испания) — 4:1

Назым Қызайбай (Қазақстан) — Лаура Фуэртес Фернандес (Испания) — 5:0

Жазира Орақбаева (Қазақстан) — Ираче Валс дель Валле (Испания) — 5:0

Әнел Сақыш (Қазақстан) — Ханна Лакотар (Венгрия) — 4:1

Мадина Нұршаева (Қазақстан) — Лаора Капицци (Бельгия-1) — 5:0

Гүлсая Ержан (Қазақстан) — Аид Джордж (Тринидад және Тобаго) — 4:0.

Сондай-ақ финалда Қазақстаннан Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өнер көрсетеді. Олар үшін бұл турнирдегі жалғыз жекпе-жек болмақ.

Олардың қарсыластары:

Аида Әбікеева (Қазақстан) — Сача Хайки (Англия)

Фариза Шолтай (Қазақстан) — Эмбер Мосс-Берч (Англия)

Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) — Сайра Гарсиа Гарай (Испания).

 

https://turkystan.kz/article/239505-aza-standy-9-boksshy-yz-ispaniyada-y-turnirdi-finalyna-tti

Comments (0)
Add Comment