Қазақстандық 2 дзюдошы халықаралық жарыста қола медаль жеңіп алды

БАӘ Абу Даби қаласында өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында 48 кг салмақта дзюдошы Әбиба Абужақынова мен 66 кг салмақта Есет Қуанов қола медаль алды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Әбиба осымен биылғы екінші Grand Slamде медаль алды. Маусым айында Ulaanbaatar Grand Slamде қола медаль алған болатын. Әбиба қыздар арасында Grand Slam жарысында 2 медаль алған алғашқы қазақ қызы.

Айта кетейік, бұған дейін Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Әбиба Абужақынова қола жүлде алғанын жазған едік.

Comments (0)
Add Comment