Қазақстандағы майнерлердің нақты саны белгілі болды

Ұлттық блокчейн қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда бірінші санаттағы 50-ден астам және екінші санаттағы 20-дан астам кенші майнер бар.



«Бірінші лицензия жабдықтары ғана емес, қажетті инфрақұрылымы мен электр энергиясын жеткізушілермен келісім-шарттары бар компанияларға беріледі. Екінші лицензия тек аппараттық құралдары бар майнерлерге арналған Алайда, екінші санаттағы кеншілер өз бетінше жұмыс істей алмайд. Өйткені заң бойынша олар өз жабдықтарын тиісті инфрақұрылымы бар бірінші санаттағы майнерлерге орналастыруға міндетті», – деді Қарашев.

Бұл ретте сарапшы Қазақстанда салық пен электр қуатының тапшылығы салдарынан желілерге ресми түрде қосылған және коммерциялық тарифті төлейтін ұйымдар саны азайып бара жатқанын айтты.

«Қазақстанда цифрлық майнерлердің өсу динамикасы байқалмайды. Көптеген майнерлер қазір заңнамалық жүктемелерге байланысты цифрлық майнинг нарығын тастап жатыр. Олар не басқа юрисдикцияларға барады, не жабылады», – деді Қарашев.

Оның айтуынша, мәселені шешу үшін технологияны дамытып қана қоймай, заңнаманы саланың қажеттіліктеріне бейімдеу маңызды.

«Атап айтқанда, жабдық импортына қосылған құн салығы және дәстүрлі салықтармен қатар қолданылатын цифрлық майнинг өндіру салығы сияқты қажетсіз салықтарды алып тастау керек. Мысалы, Ккорпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын. Әлемнің ешбір юрисдикциясында цифрлық майнингке салық салынбайды», — деді қауымдастық төрағасы.

Айта кетейік, Қазақстанда майнинг өткен жылдың сәуір айында күшіне енген «Цифрлық активтер туралы» заңмен реттеледі. Майнинг лицензиялары жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға да беріледі. Олардың әрекет ету мерзімі үш жыл.

Еске салайық, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды ​​облысы прокуратурасының үйлестіруімен Теміртау қаласында заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырғандарды анықтағаны туралы жазған едік.

фото:Фото: media.vkplay.ru
https://stan.kz/kazakstandagi-maynerlerdin-nakti-sani-belgili-boldi-410800/
Comments (0)
Add Comment