Қазақстанда тұрғындарға арналған бомбадан сақтанатын орын бар ма

Фото: pixabay.com

Спикердің сөзінше, елдегі заңда бомбадан сақтанатын орын термині қолданылмайды.

«Мұның орнына «азаматты қорғаныстың қорғану ғимараттары» дейді. Кеңес үкіметі кезінде азаматтардың барлығына осындай ақпарат берілген. Бұл суық соғыспен байланысты, ел үнемі соғысқа дайындық жағдайында болды. Сол кезде азаматтық қорғаныс мәселелері маңызды еді. Барлығы бомбадан қорғанатын орын туралы білуге тиіс болды», – дейді ол.

Бүгінде елде бар бомбадан сақтанатын орындар “КСРО мұрасы”, дейді Тұрмаханов.

«Олар бізде бар, үнемі дайындық күйіндеміз. Бірақ олар соғыс жағдайында жұмысын жалғастыратын ұйымдарға қарайды. Соғыс жағдайында жұмыс істейтін халықтың басым бөлігі қарапайым қорғану аймақтарында жасырынады. Олар: жертөлелер, жерасты паркингтері, өзге де жер астындағы инфрақұрылымдар. Құжатқа сәйкес азаматтық қорғаныс нысандарының орналасқан орны мен саны туралы деректер «қызмет барысында қолдану үшін» деген таңбамен белгіленген. Сондықтан олардың санын айта алмаймын», – деп қосты ол.

Маманның айтуынша, бүгінде азаматтар қорғана алатын қарапайым орындардың саны 14 мыңнан асады.

https://stan.kz/kazakstanda-tyrgindarga-arnalgan-bombadan-saktanatin-or-407006/

Comments (0)
Add Comment