Қазақстанда пандемиядан кейін туу көрсеткіші төмендеді

2020-2021 жылдардағы пандемиядан кейін Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеді деп хабарлады turkystan.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда соңғы 20 жылда алғаш рет көрсеткіш түсті, яғни жаңа туған нәрестелер бір жылда 9,5% азайды. Былтыр 403,9 мың сәби дүниеге келген. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 42,6 мыңға аз.

2020 және 2021 жылдардағы пандемияда туу көрсеткішінің жоғарылаған. Осы нәресте бумының фонында 2022 жылғы көрсеткіштер азайған сияқты көрінгенімен, шын мәнінде көрсеткіш 2019 жылғы ковидке дейінгі деңгейіне оралды.

«Түркістан облысы жаңа туған нәрестелер саны бойынша көш бастап тұр. Облыста былтыр 58,2 мың нәресте дүниеге келген (2021 жылдан 10,5% аз). Екінші орында 36,1 мың сәби (4,8% азайған) көрсеткішпен Алматы қаласы, үшінші орындағы Алматы облысында 34,9 мың кішкентай қазақстандық дүниеге келді», – делінген хабарламада.

Елімізде былтыр бірінші тоқсанда 93,6 мың сәби дүниеге келсе, биыл үш айда 93,5 мың сәби туған.

«2022 жылы туу көрсеткіші бойынша өңірлер рейтингінде бірінші орында 28,5 көрсеткішпен Маңғыстау облысы тұр. Екінші орынды халқы тығыз Түркістан облысы (27,7), үшінші орынды Шымкент қаласы (27,1) иеленді. Ал аутсайдерлер қатарында Солтүстік Қазақстан (11), Қостанай (12,4) және Шығыс Қазақстан (13) облыстары», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/223081-kazakstanda-pandemiyadan-keyin-tuu-korsetkishi-tomendedi/

Comments (0)
Add Comment