Қазақстанда оң жақ рульді такси көліктеріне жұмыс істеуге тыйым салынады

Фото: pixabay.com

Министрдің айтуынша, оң рульді көліктер Қазақстан үшін қауіпсіз емес. Осыған байланысты Көлік министрлігі InDriver және Яндекс.Такси басшыларымен келіссөздер жүргізіп, олар өз қызметтеріне оң рульді көліктерді тіркеуден бас тартуға келісті.

«1 қаңтарға дейін такси агрегаторлары түгендеу жүргізіп, оң рульді көліктерді анықтап, оларға кіруді шектейді. Денсаулық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін сол жақ рульге ауыстырылған оң жақ рульді көліктер бар», – деді министр.

Қарабаев конверттелген көліктер VIN кодтарымен сәйкестендірілетінін атап өтті. Оң жақ рульді көліктерде 13 таңбалы VIN коды, ал сол жақтағы көліктерде 17 таңбалы VIN коды болады. Бұл жұмысқа полицейлер де қосылып, жолдардағы тәртіп бұзушыларды анықтайды.

Айта кетейік, министр Қарабаев оның департаменті такси жүргізушілері үшін 50 шақырымдық шектеу енгізу туралы шешімін өзгерткенін айтқан еді.



Еске салайық, бұған дейін интернет-платформа операторлары курьерлер мен такси жүргізушілері үшін зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттелетінін жаздық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, міндетті зейнетақы жарналарын, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және олар бойынша өндіріп алуларды есептеу, ұстау (есептеу) және аудару қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі.

https://stan.kz/kazakstanda-on-zhak-ruldi-taksi-kolikterine-zhymis-iste-405044/

Comments (0)
Add Comment